Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанаға блокбекет қойыла ма: Еңбек министрлігінің өкілі жауап берді

Астанаға блокбекет қойыла ма: Еңбек министрлігінің өкілі жауап берді
akorda.kz
Астанаға келушілер санын азайту мәселесі осыған дейін көтерілген болатын.

 

ОҚК-да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің басқарма басшысы Асқарбек Ертаев мәслихат депутатының Астанаға кіреберісіне бақылау-өткізу бекетін орнату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Асқарбек Ертаев жергілікті әкімдіктер еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, мигранттар тартуға квота берілгенін айтты. 

"Мигранттар Астанаға квотамен келеді. Оны әкімдік белгілейді. Қандай да бір бақылаусыз көші-қон ағыны бар деген мәселе жоқ, Астанаға келетін барлық еңбек мигранттары квота бойынша реттеледі.
 Кеше белгілі бір квота бары, кейінгі бес жылда мигранттарды азайтамыз деген әңгіме болған жоқ. Астанаға көшіп келушілер санын шектейміз деген мәселе де талқыланбады. Бұл ішкі нарықты қорғау үшін жасалып отыр.
Астанада ешқандай қосымша шектеулер енгізудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Қазақстандықтар елордаға келіп, осында жұмыс істей алады7
"Кез келген адам электронды еңбек биржасына қарап, бос жұмыс орнын таңдай алады. Жұмыс берушінің талаптарына сай келсе, келіп жұмыс істей алады. Ал біздің ел азаматтарын ешқандай шектеулер жоқ", - деді ол.

Кеше елорда мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин Астананың кіреберісіне бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынған болатын.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар