Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Түнтеков алғаш рет әйелінің кім екенін айтты

Қайрат Түнтеков алғаш рет әйелінің кім екенін айтты
ашық дереккөзі
Түнтеков: Қызым ән десе ішкен асын жерге қояды. Бірақ, мен оның сахнада жүргенін қаламаймын.

Жаңа әндерді жиі жазбаса да салған әні ел құлағында қалатын Қайрат Түнтеков алғаш рет "1001" түн бағдарламасында жеке өмірір, отбасы, әйелі жайлы сұрақтарға жауап берді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

“Жарым мен қызым – өнердегі алғашқы қолдаушыларым. Әйелім ауылдың қызы. Өнерге қатысы жоқ. Ештеңемен айналыспайды. Үй шаруасындағы әйел. Кішкентай қызыма қарап отыр. Менің әндерімнің алғашқы тыңдарманы. Бірінші сол кісі мен ата-анам тыңдайды.

Біз ата-анамыздан бөлек тұрамыз. Өйткені кезінде Алматыда бөлек тұрып, үйреніп қалдым. Еркіндікті ұнатамын. Ол кісілер де біледі. "Бізге кеп тұрсаң болды" дейді. Әке-шешем жасы кеп қалған, қарт адамдар. Менің өнерім қызыма дарыған. Ән десе ішкен асын жерге қояды. Болашақта өнер адамы болады-ау деп ойлаймын. Бірақ сахнада жүргенін қаламаймын", – дейді өнер иесі.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар