Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, бір адам қаза тапты (видео)
- автор kyn.kz
- 28 қаңтар, 2024
- 881

27 қаңтарда Алматыда жолаушылар көлігі мен маршруттық автобус соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Жол апатына қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған KYN.KZ.
Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды.
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол апаты кеше, сағат 09.00-де Алатау ауданында болған.
"2003 жылы туған Chevrolet көлігінің жүргізушісі Емцов көшесімен солтүстік бағытта, Рысқұлов даңғылының солтүстігінде келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан", - деді Салтанат Әзірбек.
Оқиға салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Автобустағы төрт жолаушы медициналық көмекке жүгінген. Факт тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар
1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пән пайда болуы мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 тамыз, 2025