Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда "мектепке шабуыл жасалатыны" туралы ақпарат тарады: Қылмыстық іс қозғалды

Атырауда "мектепке шабуыл жасалатыны" туралы ақпарат тарады: Қылмыстық іс қозғалды
pixabay.com
Атырауда полиция қызметкерлері қала мектептеріне шабуыл жасалады деген жаңа фейк туралы хабарлады.

Бұл факті бойынша тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады, деп жазады KYN.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция ақпаратынша, әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Атырау қаласындағы мектептерде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы тағы да ақпарат таралуда.

"Осы факт бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын. 26 қаңтардан бері құзіретті органдармен бірлесіп оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз", - деді полиция басқармасы бастығының орынбасары Әнуар Көкалов.

Ол мектеп оқушылары штаттық режимде оқып жатқанын, полиция және өзге де құзырлы органдар тиісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатқанын айтты.

"Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштықты сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - деді полиция қызметкері. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар