Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қазақша ламбада": Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз тойда ерекше биімен көзге түсті (видео)

"Қазақша ламбада": Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз тойда ерекше биімен көзге түсті (видео)
инста парақшасынан
80 жылдардағы стильде киініп, бірге билеген қос жұлдыз көптің талқысына түсті

Желіде әнші Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың тойда бірге жүрген видеосы пайда болды. Өнердегі жұптың биін желі қолданушылары әртүрлі қабылдады, деп жазады KҮN.KZ. 

Видеоны Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram желісіндегі парақшасына жариялады.

Актриса өз жазбасында Алматыға 80 жылдар стилінде өтетін мерекелік кешке арнайы ұшып келгенін айтты. Видеодан Жұлдыз Әбдікәрімованың ақ-қара жолақты, иығы ашық көйлек кигенін байқауға болады. Сонымен қатар актриса беліне қызғылт түсті гүл байлаған. Ал Қайрат Нұртас осы кеште "Қазақша Ламбада" әнін орындады. Жұлдызды жұп бұл әнге саханға шығып бірге билеген. Бидің түбін түсірген олар қонақтарды таңғалдырған. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар