Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бүйрегін әлеуметтік желі арқылы 18 мың долларға сатпақ болған қазақстандық ұсталды

Бүйрегін әлеуметтік желі арқылы 18 мың долларға сатпақ болған қазақстандық ұсталды
polisia.kz
Полицейлердің мәліметінше, Ақмола облысының тұрғыны қарызын өтеу үшін өз бүйрегін сатуға дайын болған.

Тәртіп сақшылары адам ағзасын сатудың жолын кесті, деп хабарлайды KYN.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, қазақстандық өз бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан. 
Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шыққан. 
Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша қаражатын беру туралы мәміле жасалды. Көкшетау қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері, ақша беру кезінде күдіктіні ұстады. 
"Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Қатысушының өзі мұндай шарасыз қадам үшін ол ойынға тәуелділіктен жинақталған көптеген қарыздарға байланысты шешім қабылдағанын түсіндірді", - деп жазылған басылымда.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар