Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Лайық емес": таксиде "тиісті" деп шу шығарған әйелге қатысты таксист видеонүндеу жариялады

"Лайық емес": таксиде "тиісті" деп шу шығарған әйелге қатысты таксист видеонүндеу жариялады
инста парақшасынан
Такси жүргізушісін тиісті деп айыптаған әйелдің жанжалы желі тарап кеткен болатын. Ер адам оқиғаға қатысты ойын айтты.

Қостанайлық такси жүргізушісі Instagram желісінде Қазақстан халқына видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ер адам қолдау білдірген жерлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ ол әйелді және оның жақындарын қаралауды тоқтатайық деп өтінді.

"Бұл тек осы әйелге қатысты емес, оның жақындары да осы жағдайға байланысты буллингке ұшырамау керек", - деді ол.

Әлішер Бердіғожинов дау туғазған видеоны өзі жария етпегенін айтты. Ол видеоны таныстарына ғана жібергенін, ал видеоны интернетке кім таратқанын білмейтінін жеткізді.

"Бұл жағдайды жариялағым да келмеген. Видеоны таныстарыма жібердім, біреу бұл видеоны интернетке салып жіберген. Мен оған еш реніш жоқ және оның алдында кешірім сұрамаймын, өйткені ол бұған лайық емес.

Алдағы уақытта кез келген жағдайға дайын болыңыз. Бастысы, ар-ұжданымның таза екенін өзім үшін түсіндім. Барлығына сәттілік тілеймін, мұндай жағдайға тап болмаңыздар", - деді ол видеоүндеуінде.

Еске сала кетейік, кеше Қостанайда такси жүргізушісінің көлігінде шу шығарған әйелдің видеосы желіде тарап кеткен болатын. Ол полицияға қоңырау шалып, жүргізушінің қате мекенжайға келгенін айтып, артынша жылап жіберген. Ауа жетпей тұншыққандай, такси жүргізушісі оны балағаттағандай, қорлап жатқандай кейіп танытып, полициядан оқиға орнына келіп, көмектесуін өтінеді.

Кейін такси жүргізушісін тиісті деп айыптаған әйел арнайы қызметке жалған мәлімет беріп қоңырау шалғаны үшін 110 760 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар