Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төтенше жағдай: Атыраулықтар қақаған қыста баспанасыз қалды

Төтенше жағдай: Атыраулықтар қақаған қыста баспанасыз қалды
алматы арнасы
Арызы атқамінерлерге жетпеген жұрт әкімдікті сотқа берген

Атыраудың тұтас бір шағынауданында төтенше жағдай жарияланды. Жер астынан шыққан су баспаналарды басып қалған. Салдарынан жұрт қақаған қыста далада қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер үй салып қоныстанғанына 20 жылға жуықтаған Жұлдыз-1 ықшамауданының халқы тыныш ұйықтаудан қалған. Баспанасының қабырғасы жарылып, сыз тартқаны былай тұрсын, еденді көтерсе, астында су шығатынын азаматтар билік өкілдеріне талай көрсеткен. Құлағалы тұрған үйлер де аз емес. Арызы атқамінерлерге жетпеген жұрт әкімдікті сотқа берген.
– Жер берілгенде инфрақұрылымның бәрін қосты. Адамға өмір сүруге жағдай жасау керек. Солай ма? Судың кірісін жасады, неге халық шығысын 2030 жылға дейін күту керек? Халық өз күшімен мына суды түсіре алмайды ғой. Қанша тартынсақ та біздің әліміз келмейді. Сондықтан Төтенше жағдай жариялауды талап етіп тағы шықтық, – деді қала тұрғыны Айгүл Досқалиева.

Қала билігі мәселеден хабардар. Сұрауымызға жауап берген жергілікті әкімдіктің өкілдері қазір тұрғындар үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз деп ағынан жарылды. Жобалық-сметалық құжатты да әзірлеп үлгерген. Қосымша қаржы бөлу де қарастырылып жатқан көрінеді.

– Бұл жұмысты шұғыл түрде жасап жатырмыз. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. Кәріз жүйелерін жүргізу бұйырса, маусым, шілдеде мемлекеттік сараптамадан шығады. Сосын ақша бөлінеді, – деді қала әкімінің орынбасары Ерболат Омаров.
Шенеуніктер күн тәртібінде дренаж жүйесін салу мәселесі тұрған жоқ екенін айтты. 


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар