Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде үш адамды 20 жерден пышақтап, мәйітті зорлаған 25 жастағы тұрғынның сөзі жұртты шошытты

Семейде  үш адамды 20 жерден пышақтап, мәйітті зорлаған 25 жастағы тұрғынның сөзі жұртты шошытты
ашық дереккөзі
Полиция үйдің есігін бұзып кіргенде апта бойы тұрып қалған үш мүрденің иістеніп кеткенін анықтаған.

Семей қаласында болған сұмдық қылмыс туралы Абай бол арнасында жарияланды.

Аула бірнеше күн тазаланбағанына тұрғындар шағым айтқан соң, тазалықшы әйелдің үйіне басшысы барады. Пәтер есігін ешкім ашпай, жағымсыз иіс шығады. Полиция келіп, оқиға орнын тексереді. Есікті бұзып кірген сақшылар қабырғасы қан болған, мәйіт иісі мүңкіп тұрған үйге тап болады. Пәтерден үш адамның мәйіті анықталады. Әйел мен ер адам төсектен, үшінші адам еденнен табылады. Бәрі пышақталып өлтірілген.

Әйел жалаңаш әрі талтайып жатқан хәлде табылады. Тергеушілер бұл жағдайға қатты таңданады. Сарапшылар мұқият қарап, оқиға 1 апта бұрын болғанын анықтайды. Бөтен адамның аяқ киім ізі пәтерден табылады.

Әйелден іріген шәует табылған. Қанішер оны пышақтап өлтіріп, мәйіт жылы кезде  зорлаған. Тергеушілер абдырап қалады. Пәтерде ұрлықтың ізі жоқ. Марқұмдардың жеке басы көршілері арқылы анықталады. Көршілер марқұмдардың ішімдікке жақын екенін айтқан.

Пәтерден табылған деректер зерттелген. Есік тұтқасынан жақсы сақталған саусақ ізі табылады. Тексеріп қарағанда, ол 25 жастағы күдікті азаматпен сәйкес келеді. Ол бұрын көлік ұрлап, базада сақталған екен. Ол Қарағандыда тіркелген. Сақшылар оны іздейді. Таба алмай қиналады. Кейін күдікті туған әпкесінің үйінен табылған.

Ол марқұмдармен ішімдік ішіп табысқан. Көшедегі табыстықтан соң, ол марқұмдардың пәтеріне қонақ болған. Арада жанжал болып, жігіт үйден қуылады. Бір айналып қайта келгенде, мас болып ұйықтап жатқан адамдарға тап келген күдікті бәрін пышақтап тастайды. Пәтерден шығып кеткен соң, қайта бару ойына келіп, артқа қайтады. Марқұмның денесін бірнеше рет зорлап сосын ғана пәтерден кетеді. Күдікті 25 жылға қамалады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар