Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте қыз алып қашқан тұрғын қамауға алынды

Шымкентте қыз алып қашқан тұрғын қамауға алынды
pixabay.com
Шымкентте қыз алып қашқан маңғыстаулық жігіт 2 айға қамалды

Шымкент қаласының прокуратурасы қыз алып қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы KYN.KZ қалалық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Құзырлы органның мәліметінше, биыл 16 қаңтарда Шымкент қалалық полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың алып қашып кеткені туралы арызбен жүгінген.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды. Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жай анықталатын болады. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді. Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында", - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Сондай-ақ прокуратура өкілдері мұндай қылмыс үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар