Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қуыршақтай қыз еді": Алтынбек Қоразбаевтың Мақпал Жүнісоваға ғашық болып, ән арнағаны рас па

"Қуыршақтай қыз еді": Алтынбек Қоразбаевтың Мақпал Жүнісоваға ғашық болып, ән арнағаны рас па
ашық дереккөзі
Өнер иесі оған "Мәңгілік махаббатым" әнін арнап шығарғанын жасырмады

Белгілі композитор әрі әнші Алтынбек Қоразбаев жас кезін еске алып, Мақпал Жүнісоваға деген ғашықтық сезімге қатысты жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Алтынбек Қорақбаев Мақпал Жүнісованы әртіс ретінде жақсы көргенін алға тартты. Композитор оған шын мәнінде ғашық болғанда "қол жеткізу үшін барын салар" едім деді. "Мен шын ғашық болсам, ұзаққа жібермеймін, ұрып-жығам. Әзіл шығар, шын шығар, Мақпал кішкентай қуыршақтай қыз болатын. Оған ән арнап жазғаным рас. Осыдан 33 жыл бұрын "Мәңгілік махаббатым" деген әнді Әбдірахман Асылбекке жаздырдым. Ол кезде Мақпал 21 жаста еді. Салмағы небәрі 35 келідей болды ғой деймін. Одан аспайды. Алақанға көтеріп кететін кішкентай қыз болған. Ғашық болды деп жүректі шаша беруге болмайды. Мен Мақпалды жақсы көрдім. Әніне, өнеріне ғашық болдым. Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шыққасын жеңге болды. Қазір ағамыздың көзі кеткесін ол мені "аға" деп жүр", – деді композитор "Ұйқым келмейді" бағдарламасында. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар