"Соттатып пайда таппаймын": қарағандылық жедел жәрдем жүргізушісі "хайп қуды" дегендерге жауап берді
- автор kyn.kz
- 2 ақпан, 2024
- 3.7k
Ер адам үндеуі өзінің TikTok парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ
Жедел жәрдем жүргізушісі әлеуметтік желілерде парақшаларын белсенді жүргізетін болып шықты. Мына жағдайдан кейін оны көпшілік "хайп қуып жүр" деп айыптаған.
"Мен туралы қате ойлап жатқан жандар, біріншіден мен баяғыдан TikTok -пен айналысамын. Бір жарым жыл болды. Видеоларды қарасаңдар көресіңдер. Мен жедел жәрдем жүргізушісінен бөлек, негізі актер адаммын. "Бір таяқ жеп алды, хайп ұстап кетті" деп қате ойламаңдар. Аллаға шүкір, мен осы дәрежеге еңбекпен, маңдай термен жетіп келе жатқан адаммын. Ондай-ондай болып қалды енді. Дұрыс жағынан түсінейік, соттатып одан ешқандай пайда көрейін деп жатқан жоқпын. Одан мен ешқандай рахат алмаймын. Оны дұрыс жағынан түсінейік. Мен сендерге бір-ақ сөзбен айтайын, Алла бәрін кешіреді. Сен қандай да бір қателік жасама, Алла кешіреді. Алланың қасында мен жай ғана құлмын. Сондықтан біз де кешіреміз. Дұрыс жағынан түсінейік. "Мен оны кешірмеймін, мен оны соттатамын, отырғызамын, бүйтем-сүйтем" деген дүние айтқан да жоқпын. Өйткені бәріміз де пендеміз, бәріміз де қателесеміз, бәріміз де адамбыз. Мен соттатып одан ешқандай да пайда таппаймын. Әр қазақ менің жалғызым дейді ғой. Бір-бірімізге жанымыз ашысын", - деді жәбірленуші.
Сонымен қатар жедел жәрдем жүргізу қазір өзін жақсы сезінетінін атап өтті. Мұрнына жасатқан алғашқы отасы сәтті өткенін, екінші операцияны күтіп жүргенін айтты.