Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Аяқтан шалғандар көп болды": Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы кітап жазып жатқанын айтты

"Аяқтан шалғандар көп болды": Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы кітап жазып жатқанын айтты
ашық дереккөзі
Біржан Хасанғалиев әкесінің өмірінде орын алған көптеген келеңсіздіктер мен жақсы жағдайларды кітабына сыйдырғанын айтты.

Біржан Хасанғалиев әкесі Ескендір Хасанғалиев жайлы кітап жазып жатқанын айтты. Композитордың ұлы "Менің өмірім" бағдарламасында кітаптың негізгі жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді, деп жазады kaz.nur.kz.

"Кітаптың негізгі жұмысы аяқталды. 200 беттей кітап болады. Өңдеуі қалды. Қазір жұмысын өзім тоқтаттым. Себебі, тек жазып отырып, үзіліс жасау керек. Сосын 2-3 айдан кейін қайта қарастырып, толықтырамын. Шындыққа негізделген кітап болмақ. Әкемнің өмірі қалай өтті, қандай сәттері болды, барлығын жасырмай жазу ойыма келді. Қазіргі таңда бәрі солай жазылған. Қазір үзіліс алдым. Бірнеше айдан кейін қайта қарастырамын. Әртүрлі жағдай болды. Оның дарынына, талантына кедергі жасап, аяқтан шалғандар көп болды", - деді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген. "Әдемі-ау", "Асыл арман", "Атамекен", "Бозторғай", "Елігім-еркем", "Есіңе ал", "Ескірмеген махаббат", "Гүл сезім" сынды бірнеше әннің авторы. "Құрмет", "Отан" ордендерімен марапатталған, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты, Алматы және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар