Қарағанды облысында көлігімен суға кеткен балықшы әлі табылмай жатыр
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2024
- 686
Тіпті сүңгуірлер 39 жастағы азаматты тереңнен суасты бейнекамералары арқылы да іздеп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Іздеу жұмыстарына қатты жел, боран мен мұздың жұқалығы және күннің суығы кедергі келтіріп жатыр. Соның салдарынан сүңгуірлер су астында ұзақ жүре алмайды. Өткен сенбі күні Молодежный кентінен 10 шықырым жерде балықшылар мінген көлік суға батқан. Екі адам көліктен шығып жанын сақтап қалды. Ал 39 жастағы жүргізуші рөлде отырған күйі көлікпен бірге батқан. Машина табылғанымен, ішінде балықшы болмады.
Қаныш Сәтбаев атындағы каналдағы ауызсуды Қарағанды қаласы тұтынады. Тұрғындарға қажет су үнемі сорылып отырғандықтан, мұз беті жұқарып, кей жері шытынап тұрады екен.
Нұржан Жақатаев, Қарағанды облысы ТЖД төтенше жағдай салдарын жою басқармасы бастығы: — Судың тереңдігі төрт метрге дейін. Суасты кеңістігі тұнық емес. Көрініс нашар. Екі жарым мың шаршы метр жер қаралды. Құтқарушы сүңгуірлер осы уақытқа дейін 15 рет су астына түсіп шықты.