Түркістан облысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер уланып қалды
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2024
- 1.0k
Қазір аталған жайға байланысты құзырлы органдар тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
5 ақпан күні 9-мектепте оқушылар мен мұғалімдер өздерін жайсыз сезіне бастаған. Мектеп медбикесі жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем қызметі мектептен 29 оқушы мен 10 мұғалімді медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға алып кеткен. Өзін жайсыз сезініп ауруханаға жеткізілген барлық баланы дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне қайтарған. Он мұғалімнің сегізі де ақ халаттылардың бақылауынан соң үйіне жіберілген. Қалған 2 ұстаз ауруханда ем алып жатыр.
"Басқарма басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы өз бақылауына алып, Сарыағаш ауданындағы жағдайға байланысты арнайы іс-сапармен келді. Мектеп ұжымы мен ата-аналармен кездесіп, екі жақтың уәжін тыңдады. Оқушылар алдағы 3 күнде қашықтықта (онлайн) білім алатындығы туралы шешім қабылданды. Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда. Аудандық прокуратура шағым негізінде тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесіне сәйкес, мектеп директорына және жауапты орынбасарларына тиісті шара қабылданады",- деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.