"Нағима әпшедей әнші болайын деп еш армандамағанмын": Мақпал Жүнісова Есқалиеваға ренжулі екенін айтты
- автор kyn.kz
- 6 ақпан, 2024
- 5.1k
Мақпал Жүнісова Есқалиеваның 70 жас мерейтойында айтқан сөздерінен кейін оған деген өкпе-ренішін білдірді. Жүнісованың сөзінше Есқалиева оны үнемі сынаған. Тіпті алған атағына байланысты "түртпектей" әзіл айтқан кездері де болыпты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Қазақ эстрадасында ортажастағы қыз-келіншектердің арасынан үш-ақ әйел “Халық әртісін” алдық. Бірі – Нағима, екіншісі – Мақпал, үшіншісі – мен. Үшеуміз мүлдем бір-бірімізге ұқсамаймыз", – деді Роза Рымбаева.
Алайда туған күн иесі оның сөзін бөліп, "Мақпал кеңес одағындағы мағынада емес" деп түзеп кетті. Бұл жағдайда Мақпал Жүнісова бей-жай қарамай, өнердегі әріптесіне бірден жауап берді, "Нағима әпше ішіңіз күйсе, тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін.
Мен апамды жақсы білемін. Менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін, маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ. Талай жерде "сен Халық әртісін менен ерте алып қойдың" деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін, менімен қалжыңдайтын менің досым емес, құрбым емес. Әуелі Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан", -деп Мақпал Жүнісова өкпе-ренішін айтты.