Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кенжебек Нұрдолдай қанша бас тартса да ДНҚ сараптамасы сәби әншіден екенін анықтап берді

Кенжебек Нұрдолдай  қанша бас тартса да ДНҚ сараптамасы сәби әншіден екенін анықтап берді
ашық дереккөзі
Әнші бүтін жұрттың көзінше экс-әйелі мен оның ата-анасынан кешірім сұрады

Тойын жай бір түсірілім деп ақталған танымал әнші "Көреміз" бағдарламасында осыған дейін өзін ұстай алмай, жалған ақпарат т аратқанын айтты. Сөзінше  оның тойды жоққа шығарғаны экс-ата-енесі мен экс-әйеліне соншалықты ауыр тиеді деп ойламаған да, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Тойды фейк дегенім, менен кеткен қателік болды. Бұл әңгімем үшін Жәмилияның ата-анасынан және өзінен кешірім сұраймын. Бұл қатты тиеді деп ойламадым. Шынымен, ол кезде мендегі концерттің қайта-қайта уақыты өзгерді. Отбасымдағы кикілжің осы уақытта шығып, қарбаласып жатты. Сол уақытта ашулы, сабырсыз күйде болдым. Осыны тезірек жауып тастау үшін мен осылай айта салған болатынмын.

Аңдамай сөйледім. Бұл жерде ең айтқым келетін шындық, баладан ешқашан бас тартпағанмын. Адамда әртүрлі эмоция болады. Ол кезде менде концертке дайындық болып жатқан. Үлкен стресс болды да, сондай сөздер кетіп қалды. Әр адам пенде болғасын қателеседі. Адамдарға осы мәселе әдейі айтқан сияқты болып тимесін", - деді Кенжебек Нұрдолдай. 

Бұған дейін зағип әншіге тұрмысқа шығып, одан ұлды болдым деген Жәмилә баласының әкесі өзін талай мәрте кемсітіп, ұрып, соққанын айтқан болатын. Ал әншінің өзі мұны әлі күнге жоққа шығарып отыр.

"Жолдас баламның туған күнінде Жәмилиямен таныстық. Сөйтіп араласып кеттік. Қазан айында мен ата-анама үйленетінімді айттым. Басында жақындарым Жәмилияға да, үйленуге де қарсы болды. Ол менен үш жас үлкен болды. Алайда мен жақындарыма ауыр сөз айттым. Ал қараша айында Жәмилияның аяғы ауыр болды. Сосын түсік болды. Бірақ ата-анамызға үйлену үшін аяғы ауыр деп айттық.

Ал ақпан айында аяғы ауырлады. Мен жауапкершілік алғасын, жақындарым келісіп, шілде айында үйлену тойы өтті. Сонда наурыз айынан бастап, қазан айының 28-не дейін бірге тұрдық. Мен ешқашан әйел баласына қол көтерген емеспін. Алла көріп тұр. Не үшін олай айтқанын өзім түсінбей отырмын. Оны ақтарғым да, араласқым да келмейді. Өзім отбасымда абьюзерліктен өткенмін. "Отбасымда жасамаймын" деп шешім қабылдағанмын", - деді әнші.

Бағдарлама барысында әнші мен оның кішкентай ұлынан сынама алып, олардың қаны 99,97% сәйкес келгені айтылды. Яғни сәби әншіден деген қорытынды шықты.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар