Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Үш сағатқа пәтер жалдаған": Талдықорғанда курсант белгісіз жағдайда көз жұмды

"Үш сағатқа пәтер жалдаған": Талдықорғанда курсант белгісіз жағдайда көз жұмды
ашық дереккөзі
Жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен жігіт Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты

Жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты Асылжан Абдуллаев Талдықорғанда көз жұмды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  

Қысқы демалысқа үйіне келген бозбаланы әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жібергенін айтты. Бірақ оның Талдықорғанда қайтыс болғанын естігенде төбесінен жай түскендей күй кешкен. Марқұмның ата-анасы баламызды өлімге бәзбіреулер итермелеуі мүмкін деп топшылайды.

– Ол өзіне қол сала алмайды. Біреу дайындаған шығар? Таксиден түсіп,  3 сағатқа пәтер жалдап, оның ақшасын төлеген. Демек, кінәлі адам бар, – деді марқұмның әкесі Асхат Мыңжасаров.
– Кішкентайынан тәп-тәтті ерекше бала болды. Өзіме қатты жақын еді. Папасы да, мен де ерекше жақсы көрдік. Мінезі өте жақсы, сыныбында сыйлы болды. Бәрі «Аса» деп еркелететін. Үйден шыққанда да көңіл күйі жақсы болды, – деді марқұмның анасы Анаргүл  Мыңжасарова.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.

– Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеті жүргізілуде, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар