Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өзімді дәлелдеген кезім еді": Әнші Бағлан Әбдірайымов енді әкесінің "арқасынан қақпайтынына" жабырқады

"Өзімді дәлелдеген кезім еді": Әнші Бағлан Әбдірайымов енді әкесінің "арқасынан қақпайтынына" жабырқады
инста парақшасынан
Бағлан Әбдірайымов жақында жаңа киносын жарыққа шығармақ. Ол прьемерада әкесінің қасқайып тұрмайтынына жабырқап, жазба жариялады.

Өнер иесі дәл осы фильмін әкесі көріп үлгермегеніне өкінішін білдірді. Ол әкесінің былтыр алғашқы киносының прьемерасына келген кезін еске алды, деп жазады KYN.KZ әншнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. 

"Былтыр 25 қаңтар күні Алматы қаласында "Zero" фильміміздің тұсаукесерін жасадық. Байқасаңыз әкем марқұм қасқайып тұр ғой. Бұл менің ата-анама, достарыма, оқырманым мен тыңдарманыма "казинодан киноға өтуге болады, адам өзгере алады" деп өзімді дәлелдеген кезім еді.

Жоқ, өзіме өзімді дәлелдеген сәт деген дұрыс шығар, иә?! Ағымнан жарылып, қатемді мойындап, талай сұхбат бердім. Іштегі қоқысты сыртқа шығару арқылы ішкі әлемімді тазалап алдым. Сол тазалықпен кітап жазылды. Артынан кино түсірілді. Бұл – мен үшін ұмытылмас сәт. Содан бері кино әлемінде әзірге жүрмін. Ізін суытпай "Басқа вариант жоқ" киносы шықты. Өкінішке қарай, сәтсіз жоба болды. Дереу ес жиып, қатемді ескеріп, қоғамға тағы айтары бар "Zero 2" киносын түсірдік. Құдай қаласа, сәуір айында көрерменге жол тартады. Бұл туындының тұсаукесеріне әкем ғана келмейді. Арқамнан қағып, "Жарайсың, Баха!" демейді. Елге пайдалы, көңілге қонымды, ықыласқа бөленсе, әкемнің атына кір келмесе, бұл да бір салихалы ұрпақтың әрекеті деп білемін", - деп жазды әнші парақшасында. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар