Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Досаев лай көшкіні болған жерге келді

Досаев лай көшкіні болған жерге келді
Акимат Алматы
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған

Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы сапдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге барды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Қала басшысы бүлінген үйлерді аралап, шұғыл кеңес өткізді.

"Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет", - деді Ерболат Досаев.

Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау-Самалы" шағынауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың батпақтануы салдарынан лай көшкіні болған.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.

Алматы әкімдігі тек ресми деректерге сенуді сұрайды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар