Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Вокзалдар мен базарларды ұстаған": Алматыда "Айшуақ-Жантүгел" қылмыстық тобының мүшелері қамалды

"Вокзалдар мен базарларды ұстаған": Алматыда "Айшуақ-Жантүгел" қылмыстық тобының мүшелері қамалды
polisia.kz
Алматы қаласында темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтап, жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адамды ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық "қамқорлығын" көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды", - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген. "Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады", - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар