Жамбыл облысында жалған субсидия құжаттарымен 209,9 млн теңге қаржы ұрлағандар ұсталды
- автор kyn.kz
- 8 ақпан, 2024
- 5.3k
Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыруды анықтады.
«Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған.
Аталған факт бойынша Меркі ауданының прокуратурасы ҚК-тің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармақшасымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасымен жүргізілуде.
Сотпен бір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілсе, екіншісіне қатысты үй қамақ бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, ҚПК-тің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жариялауға жатпайды.