Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Туыстарына өлтіретіні туралы айтқан": жалдамалы пәтерде өлі табылған екі балаға қатысты Зәкиева тың дерек жариялады

"Туыстарына өлтіретіні туралы айтқан": жалдамалы пәтерде өлі табылған екі балаға қатысты Зәкиева тың дерек жариялады
инста парақшасынан
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, екі бала анасының қолынан қаза тапқан.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жалдамалы пәтерде өлі табылған екі баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KYN.KZ омбудсменнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның сөзінше, екі бала анасының қолынан қаза тапқан.

"Иманды болсын, періштелер. Қызылорда облысының тумасы, Түркістан қаласына келіп пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды.

Мән-жай анықталуда. Істі тергеумен Түркістан облыстық ПД айналысуда", - деп жазды Зәкиева.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар