Басты жаңалықтар
Алматыдағы лай көшкіні: үйінді астында қалған бір отбасындағы 4 адамның денесі табылды
- автор kyn.kz
- 8 ақпан, 2024
- 1.1k
Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан барлық төрт адамның денесі табылды.
Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты.
Бұған дейін көршілері қираған үйде төрт адам өмір сүргенін, олардың екеуі ересек, ал екеуі егіз бала екенін мәлім еткен.
ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
Оқиға орнында үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстары жалғасуда.
Жұмыстар өткір заттар, әйнек, арматура және т.б. заттар араласқан саз балшық массасының үлкен көлемімен, сондай-ақ үйге кіру жолының тар болуымен, техниканы барынша пайдалану мүмкін еместігімен қиындай түсті. Құтқарушылар жұмысты негізінен қолмен жүргізуде.