Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды бетперде тағуға шақырды
- автор kyn.kz
- 8 ақпан, 2024
- 1.1k
Қазақстан жасыл аймаққа еніп, коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегеніне қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды жабық жерде бетперде тағуға шақырды, хабарлайды KYN.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, қаңтарда КВИ жұқтырғандар саны өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,5 есеге – желтоқсандағы 187 жағдайдан қаңтарда 477 жағдайға дейін өскен.
Вирус жұқтырғандар көбінде Алматы мен Астанада тіркелген. "26 қаңтар мен 1 ақпан аралығындағы бір апта ішінде республикада коронавирус белгілері бар 144 жағдай және КВИ белгілерінсіз 11 жағдай тіркелді. Жаңа деректер Алматыда (37 жағдай) және Астанада (21 жағдай) тіркелді. Бұл ретте республика мен барлық облыс жасыл аймақта тұр, 3 науқас стационарда емделіп жатыр", - делінген комитет хабарламасында.
Ведомство шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.
"Алайда соңғы айда COVID-19 жұқтырғандар санының өскенін және ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиялық маусымы жалғасып жатқанын ескере отырып, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарға барған кезде және науқаспен қарым-қатынаста болған кезде маска тағу ұсынылады", - делінген хабарламада. Т