Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қыруар қаражат табылды": Семей базарындағы алапат өртте жалын тимеген заттар шығарылды

"Қыруар қаражат табылды": Семей базарындағы алапат өртте жалын тимеген заттар шығарылды
Абай облыстық ПД
Семейдегі базар өртінде бутиктері өртен саудагерлерге зақым келмеген заттарын алуға рұқсат етілген.

Семейдегі өртенген сауда орталығында сауда жасаған кәсіпкерлерге өрттен кейін қалған мүліктерін шығарып,өртенбеген үлкен соммадағы ақша тапқандар болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KYN.KZ. 

6 ақпанда Семей қаласында "Ақшың" сауда үйінде өрт шықты. Өртті сөндіру жанғыш материалдардың көп болуына байланысты өрттің тез таралуымен қиындады. 18 сағат ішінде бәрі өртеніп кетті. 

Өрт басталғаннан бері Абай облысының полицейлері сауда орталығын қоршап алды. Бұл шаралар тонауды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. 

Өрттен кейін үш қабатты ғимарат апатты жағдайда. Шатыр, ғимараттың үшінші және екінші деңгейлері өрттің әсерінен бірінші қабатқа дейін құлады. 

1Құрамына полиция, төтенше жағдайлар, экономикалық тергеу департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері кіретін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. 
Өрт фактісі бойынша "Ақшың" СҮ-де сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде1- деп атап өтті Бектөре Сұлтан. 

ХҚКО қызметкерлері өрттің себептерін анықтауда.
Өртті сөндіргеннен кейін жүргізілген алғашқы тексеру бірнеше павильондардың жалынға ұшырамағанын, тағы бірнеше бутиктердің жартылай ғана зақымдалғанын көрсетті. 

Департаменттер мен облыс әкімдігінің басшылығы ішінде болған тауарды беру туралы шешім қабылдады, өйткені төмен температураның, күйе мен судың әсерінен тауар жарамсыз болып қалуы мүмкін. 

«Полиция қызметкерлері зардап шеккен кәсіпкерлерге түннен бастап кезекпен апаттық ғимараттан олардың мүлкін қолхатпен алып шығуға көмектесті»- деді Полиция департаменті бастығы Бектөре Сұлтан.

Өз орындарында өртте өртенбеген үлкен соммадағы ақша тапқандар болды. Өз тауарлары мен ақшаларын сақтаған адамдардың қуанышы полицейлердің екінші тынысын ашқандай болды: үш күн бойы олардың еңбегі - мұның бәрі бекер болған жоқ.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар