Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әнші сотқа қатыспады": Бейбіт Қорғаннан балам бар деген атыраулық келіншектің заңгері істің мән-жайын айтты

"Әнші сотқа қатыспады": Бейбіт Қорғаннан балам бар деген атыраулық келіншектің заңгері істің мән-жайын айтты
инста парақшасынан
Заңгердің сөзінше, сотқа әнші қатыспаған, қорғаушысы арқылы әкесі еместігін айтып жіберген.

Әйелдің адвокаты қатысты істің мән-жайын, соттың қалай өткенін "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KYN.KZ. 

Былтыр қарашада атыраулық келіншек Бейбіт Қорғаннан төрт жасар ұлы барын жария етті. Атыраулық келіншекке танымал заңгер Тілеужан Кішкенебаев жәрдемдескен.

"Әншіні сотқа беруге ұйғардық. Өйткені, ол өз еркімен АХАТ бөліміне келіп, балаға тегін беруден бас тартты. Сол себепті сот арқылы жасауға мәжбүр болдық. Атырау қаласының кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша іс сотқа түсті. Сот отырысына Бейбіт Қорғанды шақырды. Әншінің қорғаушысы келді. Ол талаппен келіскен жоқ. "Баланың әкесі емеспін" деді. Одан кейін сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сарапшыларға өткіздік. Қорытындысын күтіп отырмыз. Егер баланың әкесі екені расталса, ары қарай шешімді сот шығарады. Яғни, әкесі екенін таниды және алимент өндіріледі. Ол кісінің өзі сотқа қатыспады. Қорғаушысын жіберді. Қорғаушы арқылы әкесі еместігін баяндады", - деді Тілеужан Кішкенебаев. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар