Басты жаңалықтар
"Мен қынжылдым": Бибігүл Төлегенова Алматыда өзіне қойылатын мүсінге қатысты пікір білдірді
- автор kyn.kz
- 9 ақпан, 2024
- 1.3k
Бибігіүл Төлегенова көзі тірісінде қойылған мүсін тыңдармандарына ұнамай қалады ма деген қорқынышы барын жасырмады.
Өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында Алматыда өзіне қойылатын мүсінге қалай қарайтынын айтты.
"Шынымды айтсам, маған үлгісін көрсеткенде қынжылдым. "Айналайын, тірі адамға олай жасай ма?" дедім. Мүсінші жігіт "Апа, қазір бәрі жасап жатыр" деді. Есімін ұмытып қалдым. Соңғы келгенде "Орыны дайын. Панфилов көшесіндегі театрдың алдына қоямыз. Өзіңіз қарап отырасыз" деді.
Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды деген болатынмын. Мүсінші жігіт "Ұнайды, ұнамайды деп қарап отыра алмаймыз ғой. Соны жасап жатырмыз" деді. Мен алғыс айттым. Мүсінім сахнада тұрғандай қарап тұрады екен", - деді Бибігүл Төлегенова.
Келесі мақала
Қазақстанда бетперде кию режимі бекітілді
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Еліміздің тағы төрт облысында казино пайда болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025




