Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Брендтер төгілген нөмірі бірінші той": сынықшы Айнұр Асқарқызы қызының бір жасын тойлады (видео)

"Брендтер төгілген нөмірі бірінші той": сынықшы Айнұр Асқарқызы қызының бір жасын тойлады (видео)
инста парақшасынан
Блогер, белсенді, сынықшы Айнұр Асқарқызы қызының бір жасын жұлдыздармен бірге Алматыдағы қымбат мейрамханаға атап өтті.

Алматының тқрінде өткен тұсаукесер тойда Қазақстанның танымал адамдарының көбі бой көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ Асқарқызының инста парақшасына сілтеме жасап. 

"Қазақстандағы бренд төгілген, нөмірі бірінші той болды. Барлық құттықтап келген жақындарымызға алғыс айтамыз", - деп жазды Айнұр Асқарқызы Instagram парақшасында.

Той иесі құттықтап келген қонақтарына бағалы бренд сыйлықтар таратып, үлкен соммадағы ақшалай сый да ойнатты. Айнұр Асқарқызы бірнеше образбен қонақтардың алдына шықты. 

Қызының қуанышына ерекше, биік торт та тойда көздің жауын алған. 

"Барлығына осындай той жасау бұйырсын" деп тіледі сынықшы. 

Белгілі сынықшы бұл мерекелік шараға жоғары деңгейде дайындалған. Дүбірлі тойды белгілі әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей жүргізіп, кішкентай Айкөркемнің тұсауын кесу журналист, нумеролог Айнұр Асанбердіге бұйырған.

Сынықшының тойына келген танымал тұлғалар арасында Гүлзира Айдарбекова, Айнұр Тұсынбаев, Мөлдір Әуелбекова, Жанқош Тұраров, Нұрболхан Шарапов, Ақерке Арыс, Жанболат Найзабеков, Жұлдызай Дүйсенбиева, Сара Тоқтамысова, Жанель Мақажан, Нұргүл Мыңғатова, Мөлдір Мұқанова, тағы басқа ел танитын адам келді. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар