Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында бір үйір жылқы үсіп, қар астында мұз болып қатып қалған (видео)

Ақтөбе облысында бір үйір жылқы үсіп, қар астында мұз болып қатып қалған (видео)
pixabay.com
Ақтөбе облысының бірқатар ауданында ауа райының күрт құбылуынан қар үстіне мұз қатып, жылқы малы тебіндей алмай, шығынға ұшырауда.

Мұғалжар ауданының Ақсу ауылы маңында бір үйір жылқы мұзда сіресе қатып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ 24.KZ арнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, ертелі-кеш малға жем-шөп тасыған шаруалар қыс ұзап кетсе төрт-түлік қырылуы мүмкін деп алаңдайды. Ақтөбе облысында бірнеше күн қатарынан соққан ақтүтектен кейін жылымық орнап, арты саршұнақ аязға ұласты.

Кей жерлерде қардың қалыңдығы белуарға жеткен. Тебіндеуге қылтиған шөп таппаған бір үйір жылқы боранмен ығып сай-салада бас сауғалаған. Алайда тұяғымен мұзды аша алмаған жануарлар сіресе қатып қалған.

"Мынаның астында біреуі жатыр, мына жерде білмеймін енді неше бас жатырғанын. Міне бір бас. Жалы көрініп жатыр. Так.. бір бас, екі бас, үш бас, мынау жабағы, құлақтарын жеп қойған. Бес бас анық жатыр", - дейді ауыл тұрғыны.

уылдағы ағайын әдетте тебіндеп жүретін Қамбар ата төлін елді мекендердің маңына қайыруға шықты. Себебі көп жерлерде сырғақ жауып, айнала көк мұз болған. Алыс кеткендерін түрлі көлікпен қуып жетіп, қайырып әлек.

"Мұндай табиғат құбылысы 15-20 жылда қайталанатын құбылыс. Биыл бір ерекше қиындық туындатып тұр. Дей тұрғанмен малдың жаппай қырылу деген қауіп болуға тиісті емес. Өйткені мал қыстату науқанына 2 млн 800 мың тоннадан астам ірі сабақты мал азығын дайындадық. Ол шөп, одан басқа жемдік азықтың да қажетті қоры жинақталды", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Панабек Бимұратов.

Мұндай жағдай облыстың теріскей беткейінде қалыптасқан. Ауа райының қыңыр мінезінен зардап шегіп отырған жылқышылар қыс ұзаса төрт-түлік қырылады деп алаңдаулы. Жиған-терген мал азығы аздық етуі мүмкін дейді. Алайда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері жағдайды тұрақты деп санайды. Алайда Мұғалжар ауданында ғана бірлі-жарым жылқының ұшасы анықталғаны болмаса, өзге аймақтарда әзірге мал шығыны жоқ.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар