Алматыда ер адам газдан уланып, жедел жәрдем келгенше қайтыс болды
Қайғылы жағдай бүгін кешке болған. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері дереу жіберілді, деп хабарлайды KYN.KZ ТЖМ Telegram арнасына cілтеме жасап.
Ведомство ақпаратынша, оқыс жағдай бүгін сағат 19.50-де Медеу ауданындағы үйлердің бірінде болған. Бұрын қатты отынмен жанатын пештің ақауына байланысты улы газбен уланып, жедел жәрдем келгенше 1960 жылы туған үй иесі қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері дереу жіберілді. Болған жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
"Өзгеріс пен жаңару жылы": 2026 жылы көп адамдар табысқа жетеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қостанай облысы әкімінің орынбасарына жала жапты делінген блогер айыппұл арқалады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025




