Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда Qarmet қызметкерлерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелерін ұсталды (видео)

Қазақстанда Qarmet қызметкерлерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелерін ұсталды (видео)
polisia.kz
13 ақпанда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері аталған қылмыстарға қатысы бар тағы 8 адамды ұстады.

Қарағанды облысында полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлерімен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді. Бұл туралы KYN.KZ Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, бұған дейін Ішкі істер министрлігі былтыр желтоқсанда Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарланған. Сол уақытта қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды.

Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Оған қоса тергеу әрекеттері барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды.

Сондай-ақ қылмыстық топтың "Қазақстан Темір Жолы" АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды. Осыған байланысты биыл 13 ақпанда полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері аталған қылмыстарға қатысы бар тағы 8 адамды ұстады. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар