СҚО-да жедел жәрдем дәрігерлері инсульт алған науқасты шанамен жеткізген
- автор kyn.kz
- 15 ақпан, 2024
- 886
Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл ауылында жолды қар басып, жедел жәрдем дәрігерлері пациентке жаяу баруға мәжбүр болды. Кейін инсульт алған науқасты шанамен көлікке апаруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Petropavlovsk.news басылымы.
Медициналық мекеменіңмәліметінше, сағат 07:20-да 56 жастағы ер адам сол жақ аяқ-қолының ұюына, бас айналуына шағымдарымен хабарласқан. Алайда қар қалың жауып, жолды жауып тастаған соң жедел жәрдем көлігі пациент үйінежете алмаған. Сондықтан дәрігерлер шақырту түскен үйге дейін 400 метрдей жол жүруге тура келген.
"Тексеруден кейін науқаста инсульт белгілері анықталды, көмек көрсетілді, бірақ қалың қар жедел жәрдемге эвакуациялау қиынға соқты. Фельдшерлер Айдар Омаров пен Әмір Широжеев еш қиналмай, науқасты көлікке дейін шанамен апаруға шешім қабылдады. Жүргізуші Руслан Ақомбаевтың көмегімен науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады облыстық жедел медициналық жәрдем орталығынан.
"Оқ атқан": әскери колледжде 1 курс студенті көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Әрбір бесінші қазақстандық шетелге көшуді қалайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024