2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті мерт болды,
2024 жылдың 13 ақпанында Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде 1 курс кадеті мерт болды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Кей ақпараттарда "Тәуліктік кезекшілік міндетін өтеу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, қаза болды" деп айтылады.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
"Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады",- делінген хабарламада.