Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншімен ең алғаш танысқан кезде түскен фотоны көрсетті

Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншімен ең алғаш танысқан кезде түскен фотоны көрсетті
инста парақшасынан
Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаев әншімен ең алғаш танысқан кез түскен фотоны желідегі оқырмандарына көрсетті,

Әншінің жары  Instagram-дағы парақшасында оқырман сауалына жауап беріп, ең алғаш танысқан кезде түскен суретін жариялады, деп жазады KYN.KZ.

Оқырмандардың бірі Бесбаев пен әйелінің енді қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген кездегі суретін салуды сұраған.

Ал Мархабат жас кездерінде түскен суррет өте аз екенін айтты.

"Ондай суреттер аз. Ол жылдары фотоаппаратпен суретке түсіп, оны фотосалонға апарып, шығару керек болатын", - деп жазды әншінің жұбайы. 

Сонымен қатар Мархабат күйеуі Мейрамбекпен 22 жыл бұрын, 2002 жылы желтоқсан айында танысқанын да жасырмай айтып берді.

"Біздің ең алғаш танысуымыз осы күні басталды. Бұл сурет сол күні, яғни, 2002 жылы желтоқсан айында түсірілді", - деп жазды Мархабат Бесбаева фотоны жария етіп. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар