Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада 6 жасар қыз зорланды: полиция күдікті ұсталғанын мәлім етті

Қызылордада 6 жасар қыз зорланды: полиция күдікті ұсталғанын мәлім етті
pixabay.com
Қалалық полиция департаментінің өкілдері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, күдікті ұсталғанын мәлім етті,

Желіде Қызылордада алты жасар қыз баланың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Қалалық ПД өкілдері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ.

Opennews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Қызылордада 16 жастағы жасөспірімнің 6 жасар қыз баланы зорлағаны туралы ақпарат таралуда.

Басылымның мәліметінше, жәбірленуші ауруханада жатыр, күдікті қамауға алынған. Бұл ақпаратқа Қызылорда қалалық полиция басқармасының өкілдері жауап берді.

"2024 жылдың 10 ақпанында Қызылорда қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшысының бақылауында", - делінген қалалық полицияның Facebook-тегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Полиция қызметкері басқа ақпарат жария етілмейтінін айтты. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар