Алматы тұрғыны күйеуі мен төрт баласын тастап, тұрмысқа шығып кеткен
- автор kyn.kz
- 17 ақпан, 2024
- 5.6k
42 жастағы әйел 4 баласына келіп өзінің құлдықта болғанын айтқан. Бірақ, көп ұзамай оның тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Әйелдің жаңа жұрты оның алғашқы отбасы, балалары жайлы ешқандай ақпарат білмепті. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі Астарлы Ақиқат бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әйел өз қызына хабарласып, екі апта жұмыс үшін 500 мың теңге табамыз деген келісіммен келгенін айтады.
Отбасы полицейлерге жүгінгеннен соң бес тәуліктен кейін келіншек Қызылорда облысынан табылған. Ол басқа ер адамға тұрмысқа шыққан.
“TikTok желісінде біраз адамдармен араласатын. Алайда Ақтауда біздің ешқандай туысымыз, оның да танысы жоқ. Бір апта бұрын әкемнен құрбысының тойына баратынын айтып сұранды. Әкем қарсы болды. Кейін “мені ешқайда шығармайсың” деп ренжіген соң, әкем билетін алып беріп, шығарып салды. Анамның басқа еркектермен сөйлесіп жүргенін үш жыл бұрын білдік. Үйдегі інім екеуіміз біліп қойған соң бізден кешірім сұрап, енді олай қайталамайтынына уәде етті. Ал әкем білмейтін. Үш жыл бұрын ата-анам жұмыс істейміз деп бәріміз қалаға көшіп келдік. Сол кезден бастап анамның ойы басқа жаққа бұрылды. Қонақүйде жұмыс істеймін, сол жақта ауысымда боламын деп үйде жиі қонбайтын. Телефонын ешкімге ұстатпайтын. Бізге көңіл аударуды мүлдем қойды”, – деп ренжіп отыр қызы.
Бұл оқиғалардың бәрін естіп, көріп отырған Жаңагүлдің күйеуі аң-таң. Айтуынша, арасында кикілжің болғанымен ерлі-зайыптының қарым-қатынасы жақсы болған. Бұл оқиғаға күйеуі ғана емес, әйелдің жаңа “төркіні” де таңданып отыр. Тұрмысқа шыққан күйеуі, отбасы Жаңагүлдің заңды некеде екенін, төрт баласы бар екенін білмеген.
Жанаргүл Керімбекова мұндай шщешімге күйеуінен көрген қорлығы, таяқтауы жеткізді деп отыр. Ал оны қызы Аружан болса анасынан заңды түрде өздерінен бас тартуды сұрап отыр. Онымен қоса жалғызбасты әкесіне өздері үшін алимент төлеуін сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Сібір жарасы: Атырауда орталық базардың ет павильоны жабылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024