Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында 8 жастағы қызға азғындық жасаған көрші 20 жылға сотталды

Алматы облысында 8 жастағы қызға азғындық жасаған көрші 20 жылға сотталды
ашық дерек көзі
Аппеляциялық шағымда сотталушының адвокаты жазаны жеңілдетіп, жылын азайтуды сұраған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылында 8 жастағы қызға азғындық жасаған 44 жастағы көршісі 20 жылға сотталды.

Балаға азғындық жасаған талай жыл қатар тұрған көршісі. Жәбірленушінің отбасымен етене жақын араласқан.

"Дәл көршімнен сондай шығады деп ойламаппын. Тергеу болған бір жыл ішінде күдікті 5 адвокат ауыстырды. Сот 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы аппеляциялық шағым түсірді", - дейді жәбір көрген жеткіншектің әжесі Ләйлә.

Аппеляциялық шағымда сотталушының адвокаты жазаны жеңілдетіп, жылын азайтуды сұраған.

"Сот алғашқы үкімді күшінде қалдырды. Өте қуаныштымын! Менің немеремнің тілеуін тілеген барша жұртқа алғысым шексіз", - дейді қарт әжей.

Еске сала кетейік, ер адамның кішкентай қызға азғындық жасағаны былтыр мамыр айында бүкіл Қазақстан халқын шошытқан еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар