Қоғам
“Кәріз құдығына тастаған”: Әйел адамның бөлшектелген денесі табылды
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2024
- 7.2k
Күдікті ретінде Өзбекстанның екі азаматы ұсталды
46 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ сайты Bugin.kz порталына сілтеме жасап.
Өзбекстан азаматтары әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Оқиға Татарстанда болған.
Әйелдің денесі кәріз құдығынан табылды. Ол жерде қолы, басы және аяғы бөлшектелген.
Әйелдің анасы мен баласы іздеу салған. 46 жастағы әйелді іздеу жұмыстары бірден басталған. Әуелі оның жұмыста бар-жоғы тексерілген. Пәтерінен де табылмаған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті 2001 және 1986 жылы туған екі Өзбекстан азаматы. Олар бұл іске қатысы жоғын айтып отыр. Қылмыс болған күні екеуі де Қырғызстанға ұшып кеткен.