"Анасының көңілдесі":Төрт баланы матап, азаптамақ болған ер адам туралы тың деректер шықты
- автор kyn.kz
- 17 ақпан, 2024
- 8.4k
Дүйім жұртты шулатқан оқиға қатысушыларына байланысты тың деректер шықты. Балалардың анасы ток-шоу "жұлдызы" екен. Ол жағдайының жоқтығын айтып тала қордан көмек алған. Тіпті "Қарекет" қоры оған үй де алып керген. Бірақ, әйел ол баспананы сатып жіберіп, ақшасын далаға шашқан. Тіпті денсаулығы жоғын айтып, елден ақша жинауға тырысыпты. бірақ, ол айласының арты ашылып, жоспары жүзеге аспай қалған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өз парақшасында жазған.
"Үйде өздері қалған 4 балаға баса-көктеп кіріп, байлап-матап, пышақ тақап қинаған күдікті «Бақытжан аға» осы үйдің жақын танысы болып шықты. Біреулер анасының любовнигі дейді, анасы подругамның жігіті дейді. Кімдікі болса да осы үйге еркін кіріп-шығып жүрген, өз адамы. Тиктокта парақшасы бар, сайрап тұр, мына фото да осы үйден түсірілген. #значит балаларға шабуыл аяқ астынан болған нәрсе емес, алдын ала ұйымдастырылған болуы мүмкін бе? Бұл қылмысқа туған анасының қатысы бар ма?
4 баланың анасы да сау сиырдың боғы емес.
Осыған дейін еліміздегі ток-шоулардың төрінде отырып көрерменің талай жағасын ұстатқан.
4 баланы детдомға өткіземін деп шу еткізді, бір-ақ түнде 4 баланы тастап тайып тұрды. Себеп, 1,6 млн. қарызымды уайымдап, үйден шығып басым ауған жаққа кете беріппін деді. Одан соң үйім жоқ деп жылады. Әйгілі қор 14,5 млн. теңгеге үй әперіп еді, оны сатып жіберді. Орнына 4 млн. жұпыны үй алды. Баспанадан үнемдеген 10 млнды 10 айда жоқ қылады. Сылтауы оны-мұны қарыз жаптым, кондитерлік оқу оқыдым дейді.
Кейін алған үйдің 3,5 млнын әлі төлемеген. Ақмаралдың «қойылымы» мұнымен де біткен жоқ. Үнемі ақша, ақша, ақша керек деп алашапқын жүрген әйел енді өзінің цирроз екенін айтып, жылап, бауырын ауыстыруға донор іздеп жүргенін айтқан. Бірақ, мұнысы да өтірік болып шығады.
Осындай жұмбағы мен жыры көп әйелдің баларының басынан өткен кешегі оқиға да алдын-ала сценарий болуы әбден мүмкін.
Жамбыл ауданының қамқоршы-қорғаншы өкілдері 4 баланы мықтап қадағалау керек! Аналары да көзден таса болмауы тиіс! 40 сылтауы бітпейтін Ақмарал әбден күйзелісте. Кешегі әккі қылмыскер жігіті емес тиран, ал әйел жертва болуы әбден мүмкін",-дейді журналист желідегі парақшасында.