"Таяқ жеп жүретін адам емеспін": Шавкат Рахмонов қай кезде спорттан кететінін айтты
- автор kyn.kz
- 19 ақпан, 2024
- 1.1k
Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шыққанда қандай оймен шаршы алаңға шығатынын айтып берді. .
"Жекпе-жекке жай төбелесіп, жеңілемін деген оймен шықпаймын. Бар күшімді көрсетемін. Мен жеңілемін немесе қарсыласым жеңіледі деген оймен шығамын. Сол үшін шығар жеңіске жетіп жатқаным. Егер осындай ойым болмаса мен шықпай-ақ қоямын. Мотивациям жоғалса, мінез жағынан басқаша ойлайтын болсам, спортты тастап кетемін. Мен жекпе-жекке шығып, біреулерден таяқ жеп жүретін адам емеспін. Намысым жібермейді", – деді Шавкат Рахмонов.
Қазақстандық файтер спорттық мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын да сөз етті.
"Кәсіппен айналысқан дұрыс қой. Өзіңе-өзің бастық боласың. Ал мемлекеттік қызметке менің сабырым жетпейтін сияқты. Бірақ уақыт көрсетеді. Жақсы ұсыныс болса, күшім жететіндей немесе пайдам тиетіндей жұмыс болса жасаймын", – деді Шавкат Рахмонов.
Елімізде 45 градус аяз болады
Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024