Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандыда бұрынғы әкімнің ұлы өз анасын соққыға жыққан: күдікті қамалды

Қарағандыда бұрынғы әкімнің ұлы өз анасын соққыға жыққан: күдікті қамалды
pixabay.com
Қарағандыда бұрынғы әкімнің ұлы өз анасының бірнеше қабырғасын сындырып, 2 айға қамалды.

Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты ер адам 78 жастағы анасының мұрны мен бірнеше қабырғасын сындырғанын  мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Анықталғандай, отбасылық жанжалға көршілері куә болған.

Олар бірден жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған.

"Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты 10 ақпанда күдіктіні екі ай қамауда ұстау санкция берді", — деп хабарлады Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар