Әли Оқапов ұлының бір жасын отбасымен бірге шетелде тойлады
- автор kyn.kz
- 19 ақпан, 2024
- 1.1k
Жұлдызды отбасы Зейін Әли ұлының бір жасын Вьетнамда тойлаған, деп жазады KYN.KZ. әншінің инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.
Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлы Зейіннің бір жасын ерекше атап өту үшін отбасымен шетелге ұшып кеткен.
Жиі саяхаттап тұратын жұлдызды жанұя бұл жолы Вьетнамға сапарлаған.
Ерлі-зайыпты тұңғышын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram желісінде көрсетті. Видеодан қонақ үйдің ұжымы торт алып келіп, Роза Рымбаеваның немересіне ерекше құрмет көрсетіп жатқанын көруге болады. Видеода Роза Рымбаева да қол шапалақтап отырғаныын байқауға болады.
Әли Оқапов өз парақшасында баласына жазба арнап, оған ақ тілегін жолдаған.
"Алғашқы туған күнің құтты болсын балам! Ең бастысы аман бол. Біз сені сүйеміз", - деп жазды жұлдызды әке.