Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Түнгі студия" жүргізушісі, жас актриса Салтанат Серкебаеваның тойы Семейде дүркіреп өтті

"Түнгі студия" жүргізушісі, жас актриса Салтанат Серкебаеваның тойы Семейде дүркіреп өтті
Instagram/kabdol
Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Серкебаева тұрмысқа шықты.

Жақында ғана өз ұясынан ұзатылған арудың Семейде үйлену тойы дүркіреп өтті, деп жазады KYN.KZ.

Салтанат Серкебаева Семей қаласына келіні атанды.

Әлеуметтік желіде "Түнгі студия" жүргізушісінің үйлену тойынан видео тарап кетті. Актрисаның қуанышында бірқатар өнер жұлдызы төбе көрсеткен.

Дүбірлі тойдың тізгіні белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейде болса, беташарды белгілі асаба Қабдол Тлеков жүргізді.

Сонымен қатар Маржан Арапбаева, Дастан Оразбеков пен Қайрат Нұртас тойдың тойда ән шырқады. Арапбаеваның Instagram парақшасындағы жазбаға сәйкес Серкебаеваның тойы 17 ақпан күні өткен. Оған қоса әнші көпшілікке актрисаның күйеуінің есімін жария етіп қойды. 

Жас актриса таңдауы Нұржан есімді жігітке түскен. "Семей 17.02.2024. Нұржан мен Салтанаттың тойы", - деп жазды әнші. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар