Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Өкініштің өрті жүрегімді жалмап кететін": Дана Нұржігіт ұлы әкесінің қазасын қалай қабылдағанын айтты

"Өкініштің өрті жүрегімді жалмап кететін": Дана Нұржігіт ұлы әкесінің қазасын қалай қабылдағанын айтты
инста парақшасынан
Дана Нұржігіт бала тәрбиесінде өзін кінәлі сезінген кездер болғанын және соңғы кездердегі ұлының жағдайды қалай қабылдағаны туралы айтты

Белгілі тележүргізуші Instagram парақшасында бала тәрбиесіндегі өзегін өртеген өкініші жайлы жазба жариялады, деп жазады KYN.KZ. 

Тележурналист  бала  сезімдердің не екенін білу керек деп есептейтінін жеткізді.

"Әлім дүниеге келген күннен бастап бәрі кітаптағыдай болсын деумен әлек едім. Ондай болмай жатса, өзімді бір түрлі кінәлі сезініп кететінмін. Әсіресе бала қызуы көтеріліп ауырып жатқанда дәрігер мен күтушісіне тапсырып, бәрін аттап түсірілімге ұшып кететінім есіме түссе жанымды жегідей жейтін өкініштің өрті жүрегімді жалмап кететін. Қазір ойласам, осылайша алаңдағаным түптің түбінде баланың көңіліне кесірін тигізеді екен. Иә, ол сағынады. Иә, алаңдайды. Бірақ,бала мұндай сезімнің қандай болатынын, анасын қаншалықты жақсы көретінін,жалғызсырау, сағыну дегеннің не екенін де білу керек деп ойлаймын. Ал, қайта көріскенде мауқын басып, елжіреп, ата-ананың ыстық құшағын, ананың аялы алақанын, әкенің арқасынан қағып, маңдайын иіскегенінің құны мың есе артады. Сағыныштан кейін көрісу бала мен ата-ананы одан сайын жақындата түседі", - деп жазды тележүргізуші. 

Сонымен қатар Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің өлімі ұлына қалай әсер еткенін айтты.

"Әлімнің басына түскен соңғы жағдайда, баланың көңілі қалай болар екен деп алаңдадым. Қатты уайымдадым. Кейін қарасам, Әлім бұған дейін есіне түскенде ғана қолына алатын қойын дәптерін соңғы кездері жиі ашатын болған. Соны көріп, көңілім жайланды. Демек, іштегі сезім, ой жанына беріш боп қатпай, сөз болып, қағаз бетіне түсетін болып тұр ғой! Жан сырын, шерін тарқататын "дос" тапқанына қуандым. Баланың өз ойы, әлемі, өз құпиясы бар деген сөз. Ол әлемге рұқсатсыз кіруге ешкімнің һақы жоқ! Жасөспірім шақта өзіне өзі есеп беріп, өзімен өзі күбірлесіп, жан дүниесімен сырласа білу өте маңызды! Рефлексия- саналы адамның әрекеті", - деп жазды ол. Т

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар