Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"800 мың теңге ақталды": "Жездуха" фильміндегі он секундтық сахна үшін танымал актер қымбат гонорар алған

"800 мың теңге ақталды": "Жездуха" фильміндегі он секундтық сахна үшін танымал актер қымбат гонорар алған
инста парақшасынан
Жақында "Жездуха" фильмін жарыққа шығарған "Миллион" КВН командасы Тұңғышбай Жаманқұловқа ең қымбат гонорар төленгенін айтты.

Жақында "Жездуха" фильмін жарыққа шығарған "Миллион" КВН командасы киноға қатысты мәліметтер айтты. Олар он секундтық сахна үшін Тұңғышбай Жаманқұловқа 800 мың теңге төлеген гонорары ақталғанын айтты, деп жазады KYN.KZ.

"Миллион" КВН командасы "ХабарLike" бағдарламасына сұхбат беріп,  "Жездуха" фильміне түскен танымал актерке қанша гонорар берсе де, жарасатынын айтты.

Жайдарманшылар тырнақалды туындысына әйгілі Тұңғышбай Жаманқұловты түсуге шақырған. Олар аты аңызға айналған актерге қалаған гонорарын төлеп беруге дайын болғанын айтты. Өнер иесі фильмдегі он секундтық сахна үшін 800 мың теңге алған. Әзілкештер гонорары қанша қымбат болғанымен, аталмыш сахна өз ақшасын толығымен ақтағанын жеткізді.

"Киномызға Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз түсті. Ол кісі бір қысқа әзілге бола керек болды бізге. Ол кісі қанша гонорар сұраса да, оған жарасады. Біз үшін қымбаттау болды. Бірақ ол кісі үшін өз бағасы бар. Жарты сағатқа 800 мың теңге бердік. Кинода он секунд ғана. Кеше қарап отырсақ, Тұңғышбай атамыз түскен сахна халықты қатты күлдірді. 800 мың теңге ақталды", - деді Қанат Тасхан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар