Республика бойынша ең төменгі ауа температурасы Алтай өңірінде тіркелді. Бұл туралы KYN.KZ YK-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлады.
"20 ақпанға қараған түні Зырян метеостанциясында ең төменгі ауа температурасы -47,3 градус тіркелді. Бұл Қазақстандағы бір тәуліктегі ең төменгі температура", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК облыстық филиалы.
Басылымға оқырмандары жіберген мәлімет бойынша, Алтай өңірі, Глубоковский ауданындағы кей ауылдарда және Риддер қаласының маңында елдімекенде ауа температурасы бұдан да төмен болған.
Риддерден он шақырым жерде орналасқан Ливино ауылының тұрғындары да қытымыр аязды көрген. Мұнда термометр бағаны -48 градусты көрсетті.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Поперечное аулыныда таңертең осыдан бір градусқа төмен болған. Бірақ Риддер қаласының шетіндегі Таловка ауданында аяз бұдан да күшті болған.
Басылым мәліметінше, Пролетарская көшесінде, су қоймасына іргелес және төменгі жағыгда орналасқан үйдің тұрғындары -51 градусты көрсеткен термометрдің суретке түсіріп редакцияға жіберген.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024