Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тележурналист елімізде үйі жоқ мәжіліс депутаты барын айтты

Тележурналист елімізде үйі жоқ мәжіліс депутаты барын айтты
инста парақшасынан
Журналист Мейрамгүл Мәдәлі пәтер жалдап тұратын мәжіліс депутаты туралы айтты.

Журналист Мейрамгүл Мәдәлі мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубайдың үй жоқ депутат барын Instagram-дағы парақшасында жариялап, Отбасы банкті сынға алды, деп жазады KYN.KZ.

"Үйі жоқ депутат көрсем, көзім шықсын дейтін бір досым. Бүгін үйі жоқ депутат көрдім. Пәтер жалдап тұратын. Ол жігіттің есімі Наурыз Сайлаубай. Жасы 35-ке толмаған. Мінекейіңіз, үйі жоқ мәжіліс депутаты", - деп жазды ол. 

Тележурналист "сосын да болар, мынаны ұсынады деп депутаттың ұсынысына" тоқталды. 

"Әлеуметтік жағынан осал топтарға ипотекалық несиені төлем қабілеттілігін растаусыз, 2%, алғашқы жарна 0% беру керек. Жастар санатына 5% алғашқы жарнамен және 5% ставкамен ортақ бағдарлама керек", - деп депуттатың өзін келтірді. 

"Осыған мен қосатын бір дүние. Айналайын, @otbasy_bank_kz адамның өзі жинаған, өз 50% ақшасына 8.5% айналдырып, төлетуіңді қойсай. Жарайды, өзің берген 50%-ға ал, ал азаматтың өз ақшасына % айналдыру нағыз қанаушылық деп білем", - деп сынады журналист ипотекалық банкті. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар