Қоғам
Астанада дәмханаға келушілерге лағманмен қоса есірткі сатылған
- автор kyn.kz
- 20 ақпан, 2024
- 565
Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. "Тосқауыл" ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.