Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ішінен киім киген бе өзі?": Дана Кентайдың ашық образын желі қолданушылар сынға алды

"Ішінен киім киген бе өзі?": Дана Кентайдың ашық образын желі қолданушылар сынға алды
инста парақшасынан
Әнші Дана Кентай жаңа стильдегі ашықтау киіммен түскен фотоларын жариялады.

Дана Кентай ерекше сахналық образын Instagram парақшасында көрсетті, деп жазады KYN.KZ.

Онда әншінің іші көрініп тұратын киім киіп алғанын байқауға болады. "Арам көзбен емес, анамның көзімен қараңыздар. Бізден әлі талай от образдар күтіңіздер", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары өнер иесінің образын қызу талқылап, оған қатысты түрлі пікір білдірді. "Быт-шыт киім екен. Түріңді де, мүсініңді де бұзып көрсетеді", "Ішінен киім киген ба өзі?", "Осы қызға көңіл жетіспей жүр", "Стиліңізді өзгерту керек", "Ашық-шашық киініп тұрсаңыз, қалай ананың көзімен қарайды ел?! Ананың көзімен қарасақ "мына киімің не қызым, төсіңді, кіндігіңді жап және тыртысқан кимеші" дер едім", "Ананың көзімен қарай алмайсың ғой", "Сахна киімдері не болып барады", - деп жазуда оқырмандар. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар